«Әһле Бейт» әлемдік ассамблеясы Бахрейннің «әл- Вифақ» жамиғатын тарату шарасын айыптады
«Әһле Бейте Исмат уа Тахарат» әлемдік ассамблеясы Халифе әулеті режимінің мұсылмандарға зұлымдық жасау және Бахрейннің «әл- Вифақ» исламдық жамиғатының қызметін тоқтатудағы әрекетін айыптады.
ИРНА- ның хабарлауынша, «Әһле Бейте Исмат уа Тахарат» әлемдік ассамблеясы сенбі күні Халифе әулеті режимі тарапынан Бахрейннің «әл- Вифақ» исламдық жамиғатының таратылуына наразылық білдіріп, мәлімдеме жариялап, саяси және халықаралық құқықтық ұйымдардан өздерінің заңды да ахлақтық жауапкершіліктерін атқаруды сұрады.
«Әһле Бейт» әлемдік ассамблеясының мәлімдемесінде: «Халифе әулеті режимі өзінің басып-жаншу және тұншықтыру саясатының жалғасында осы елдегі ең үлкен саяси және әлеуметтік топты тарату үшін әділетсіз шара қолданды. «Әл- Вифақ» исламдық жамиғаты көрегенді ғұламалардың қадағалауымен қызмет атқарып келді» деп жазылған.
Бахрейннің әкімшілік соты өткен аптаның сейсенбі күні осы елдің Әділет министрінің өтінішімен «әл- Вифақ» жамиғатының қызметін тоқтатуға және оның кеңселерін жабуға үкім шығарды.
Бахрейннің «әл- Вифақ» исламдық жамиғаты осы елдегі ең үлкен саяси топ болып табылады.