Ирактың Салаһаддин облысының аймақтары азат етілді
Ирак күштері Ирактың солтүстік-батысындағы Салаһаддин облысының солтүстігіндегі көптеген аймақтарды азат етті.
«Al-nahrain» ақпарат базасының дүйсенбі күнгі мәліметі бойынша Ирак Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Насир Нури: «Ирактың әскери күштері арнайы операциясында Салаһаддин облысының солтүстігіндегі ондаған ауылдар мен «Әл-Шарқат» аймағымен шекаралас жерлерді ДАИШ лаңкестерінен босатты. Бұл операция барысында көптеген лаңкес өлді. Қазіргі кезде Ирактың қауіпсіздік күштері Әл-Шарқат қаласын азат етіп, қалаға еніп, тәкфіршілерге келіп жатқан көмектерді тоқтатуға әрекет жасауда»,- деді.
Ирактың халықтық күштерінің қолбасшысы Назем әл-Асади: «Әл-Шарқатты босату Фаллуджаны босатуға қарағанда оңайырақ болады, өйткені шекаралас аймақтарда халықтық күштер орналасқан. Ирактың қауіпсіздік күштері Фаллуджаны босатқаннан кейін ДАИШ-тың қолына түскен Ирактың басқа қалаларын босату әлеуетіне ие. Мосулдің айналасындағы аймақтарды босату ДАИШ-ке көрсетіліп отырған көмектерді тоқтату тұрғысынан өте маңызды»,- деп қуаттады.