Бахрейн шиіттері жетекшісінің азаматтығының күшін жоюға қатысты наразылықтар жалғасуда
Халифе әулеті режимінің Бахрейн шиіттерінің жетекшісін азаматтықтан айыруға қатысты наразылық білдірген бахрейндіктердің митингтері мен шерулері одан әрі жалғасуда.
Сейсенбі күні кешке мыңдаған бахрейндік осы елдің түрлі аймақтарында, соның ішінде әл- Дараз аймағында Халифе әулеті режимінің Бахрейн шиіттерінің жетекшісі шейх Иса Ғасемнің азаматтығының күшін жою әрекетіне наразылық білдіріп, тағы шеруге шықты.
Шерушілер Бахрейн режимінен осы бахрейндік әйгілі ғалымның азаматтығының күшін жоюдан бас тартуды сұрады.
Бахрейндік наразы азаматтар Халифе әулеті режимінің бұл шешімі тек шейх Иса Ғасемге ғана қарсы еместігін, осы шешіммен бүкіл Бахрейн халқы нысанаға алынып отырғанын қуаттады.
Наразы халық сондай-ақ әл- Дараз аймағында шейх Иса Ғасемнің үйінің маңына жиналып, Бахрейннің қауіпсіздік күштеріне шейх Иса Ғасемнің үйіне кіруге рұқсат етпейтіндіктерін қуаттады.
Бахрейннің ІІМ дүйсенбі күні шейх Иса Ғасемге Бахрейнде тайпашылдықты үгіттеп, бүлік шығарып отыр деген айып тағып, оның азаматтығының күшін жойды.