Маусым 22, 2016 22:45 Asia/Almaty
  • Иран президентінің бірінші орынбасары Түркияның үкімет басшысымен телефон арқылы сөйлесті

ИИР президентінің бірінші орынбасары "Иран мен Түркия екі маңызды ел ретінде дағдарыстарды шешу үшін және аймақты даму, тұрақтылық пен салауаттылыққа қарай ілгерілетуде ауыр жауапкершілікке ие" деді.

Исхақ Жаһангири Түркияның жаңа үкімет басшысы Бинали Илдириммен телефон арқылы сұхбатта Теһран мен Анкараның көзқарас айырмашылығы бар мәселелер жөнінде сұхбаттасу және әріптестікпен шешім жолына жетіп, аймақтық ынтымақтастық негізін ортақ көзқарастарға ие тақырыптарға қалауы керектігін айтты.

Жаһангири Иран мен Түркия халықтарының тарихи, мәдени және діни тамырластықтарын еске салып: «Иран мен Түркия бір- бірін толықтырушы ретінде түрлі салада ынтымақтастық жасауы керек, өйткені аймақтағы ұлттар біздің елдерден осыны күтеді» деді.

Түркияның үкімет басшысы да Түркия үкіметі мен халқының Иран ислам республикасымен ынтымақтастықтарды кеңейтуге қызығушылығына сілтеме жасап: «Иранмен байланыс Түркия үкіметі үшін ерекше мәртебеге ие. Екі елдің қарым- қатынасын алға ілгерілету үшін барлық мүмкіндіктерді қолдану керек» деді.

 

 

Тегтер