Фаллуджадан ондаған мың Ирак азаматы қашып кетті
(last modified Thu, 23 Jun 2016 07:55:47 GMT )
Маусым 23, 2016 13:55 Asia/Almaty
  • Фаллуджадан ондаған мың Ирак азаматы қашып кетті

Ирак үкіметінің ақпарат хатшысы осы елдің батысында орналасқан Фаллуджаны ДАИШ лаңкестік тобы жаулап алған кезден бері ондаған мың Ирак азаматының қашып кеткенін хабарлады.

«Кувейт» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ирак үкіметінің ақпарат хатшысы Сағд әл- Хадиси сәрсенбі күні Ирактың батысында орналасқан әл- Анбар облысы мен оның маңындағы аймақтарды ДАИШ лаңкестік тобы жаулап алған екі жылдан астам уақыт ішінде Фаллуджаның шамамен 70 мың тұрғынының осы қаладан қашып, іргелес қалалар мен қалашықтарда құрылған уақытша лагерлерде қоныстанғанын мәлімдеді.

Ирак үкіметінің ақпарат хатшысы босқындарды әскери және операциялық қатерлерден аулақ сақтау бағытындағы талпыныстарды қуаттап, Ирак қауіпсіздік күштерінің бейкүнә азаматтар мен әскери еместерді лаңкестерден ажырату үшін арнайы тексеріс жүргізетінін айтты.

Фаллуджа амалдарының қолбасшысы Абдолваһаб әс- Сағеди Ирак қауіпсіздік күштерінің Фаллуджа қаласының 90 пайызын ДАИШ лаңкестік тобының қарамағынан шығаруда табысқа жеткенін хабарлады.