Әл-Халифе режиміне бахрейндік танымал руханиді азаптауға қатысты ескерту жасалды
Бахрейн ғұламаларының исламдық кеңесі әл-Халифе режиміне бахрейндік танымал руханиге кез келген азаптау әрекетін жасауға қатысты ескерту жасады.
Ал-Аһд хабар торабының бейсенбі күнгі мәліметі бойынша Бахрейн ғұламалары кеңесінің мүшесі шейх Мохаммад Ходжасте әл-Халифе режиміне бахрейндік танымал рухани Иса Ғасемге қандай да болмасын азаптау мен қинау әрекетін жасауға қатысты ескерту жасап: «Халифе режимі Бахрейннің жағдайын дағдарысқа тіреуді көздеуде. Ешбір шешім жолына жетуді қаламайтындықтан ұлттық сұхбаттар да тығырыққа тіреліп отыр" деді.
2016 жылдың ақпан айының 21 күні Бахрейннен жер аударылған шейх Мохаммад Ходжасте: «Бахрейн халқы қазір қаруланбаған, бірақ егер шейх Иса Ғасем қинау мен азаптауға ұшырайтын болса, үлкен үлемді қорғау үшін бұл халықтың жауабы бейбіт болмайды» деп қуаттады.
Бахрейннің 14 ақпан коалициясы әл-Халифе режиміне Дираз аймағында отырып ереуіл өткізушілерге қарсы басып-жаныштау құралын қолдануына қатысты ескерту жасап, әл-Бади көшесінің жұма күні түстен кейін өткізілетін кең ауқымды шерулердің мекені екендігін баса айтты.
Бахрейннен келіп түскен келесі хабар бойынша Бахрейннің ІІМ ирактықтардың шейх Иса Ғасемді қолдау ұстанымына наразылық ретінде Манамадағы Ирактың елшісі Ахмад Наиф ад-Дулеймиді шақыртқан.