Еуропа Одағының Израильге ескертуі: Барлық нұсқалар үстелде
ParsТоday - Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы: «Қорғансыз палестиналықтарды өлтіруді тоқтату керек»,- деді.
ParsТoday ақпарат агенттігінің ИРНА-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Кая Калас сейсенбі күні X әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында қорғаныссыз палестиналықтардың өлтірілуін айыптап, «аш адамдарды өлтіруді ешбір жағдайда ақтау мүмкін емес» деп жазды.
Ол твитінің жалғасындп Газа секторы халқына көмек жеткізу үдерісін жеделдету үшін халықаралық ұйымдармен келіссөздер жүргізіп жатқанын және көмек тарату орталықтарындағы адамдарды нысанаға алудың толығымен айыпталуын қамтамасыз ету керектігін жазды.
«Егер Израиль халықаралық құқық пен адам құқықтарын сақтамаса, барлық нұсқалар үстел үстінде», - деп жазды Калас.
Өткен аптада Брюссельде Еуроодақ сыртқы істер министрлерінің кездесуі басталмас бұрын Каллас Газадағы жағдайға сілтеме жасай отырып: «Жағдай әлі де өте нашар. Гуманитарлық жағдай шынымен де апатты. Бұл жағдай шынымен жақсармайынша, біз бәріміз жеткілікті жұмыс жасадық деп айта алмаймыз»,- деді.
Ол: «Әлі күнге дейін атыс тоқтамады, бұл гуманитарлық көмекті жеткізуді әлдеқайда қиындатты», - деп қосты.