Ыстамбұлға сионист саясаткер келді
Ыстамбұлға ресми сапармен бір сионист саясаткер келді.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Анкара мен Тель- Авив арасындағы байланысты қалпына келтіру үшін талпыныс жасау бағытында сионистік режимнің Кнессет мүшесі ресми сапармен Ыстамбұлға келді.
Сионистік Одақ партиясынан Ксения Светлованың Ыстамбұлға сапары израильдік қайраткердің өткен алты жылдағы тұңғыш ресми ашық сапары саналады.
Екі жақты байланысқа қара бұлттың үйірілуіне себеп болған 2011 жылғы оқиғаларды ұмыту мақсатында Анкара мен Тель- Авив арасындағы келісімге қол қою уақытының таяуы туралы көптеген хабарлар естіліп жатқан кезде Светлова Ыстамбұлға сапармен келіп жатыр.
Өткен сейсенбі күні Түркияның «Hürriyet» газеті өзінің ағылшын тіліндегі нұсқасында «Түркия мен Израиль бүгін, жексенбі күні екі жақты саяси байланысын қайтадан бастағанын жариялайды» деп хабарлаған болатын.