Иран мен Ресей аймақ дағдарыстарын шешу саласындағы әрекеттестіктерін арттырады
https://itolqyn.com/news/world-i10129-Иран_мен_Ресей_аймақ_дағдарыстарын_шешу_саласындағы_әрекеттестіктерін_арттырады
ИИР мен Ресей аймақ дағдарыстарын, әсіресе Сирия мәселесін шешу саласындағы екіжақты кеңесулері мен әрекеттестіктерін арттырады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 28, 2016 15:09 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей аймақ дағдарыстарын шешу саласындағы әрекеттестіктерін арттырады

ИИР мен Ресей аймақ дағдарыстарын, әсіресе Сирия мәселесін шешу саласындағы екіжақты кеңесулері мен әрекеттестіктерін арттырады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани мен Ресей Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев дүйсенбі күні кешке Мәскеуде аймақтың жағдайы мен екі ел арасындағы ынтымақтастық және ақпаратпен алмасу мәселелерін талқылады.

Шамхани мен Патрушев сонымен бірге Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу саласындағы Иран мен Ресейдің әрекеттестіктерін арттыру қажеттілігін қуаттады.

Дүйсенбі күні бір күндік сапармен Мәскеуде болған Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы сондай-ақ Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесіп, екі елдің саяси, қауіпсіздік және қорғаныс салаларындағы ынтымақтастықтары туралы пікір алмасты.

Ресей Президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьевпен кездесу де Шамханидің Мәскеу сапарының келесі бағдарламасының бірі болды.

Осыдан бес жыл бұрын АҚШ пен Сауд Арабиясының Сирия үкіметіне қарсы батыс-араб жобасы басталғаннан бері Теһран мен Мәскеу бұл дағдарыстың әскери шешім жолының жоқтығын қуаттап келеді.