Тәжікстанның Бадахшан облысының 33 тұрғыны Ирак пен Сирияда
(last modified Tue, 28 Jun 2016 14:09:59 GMT )
Маусым 28, 2016 20:09 Asia/Almaty
  • Тәжікстанның Бадахшан облысының 33 тұрғыны Ирак пен Сирияда

Тәжікстан президенті қазіргі кезде осы елдің Бадахшан облысының 33 тұрғынының Ирак пен Сириядағы қақтығыстарға қатысып жүргенін хабарлады.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Бадахшан облысының басшылары мен белсенділерін қабылдауында: "Қазіргі кезде шетелдердегі, соның ішінде Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыстарға осы облыстың 33 тұрғыны қатысуда" деді. Тәжікстан президенті Бадахшанның Вандж аймағының тұрғындарымен жуықтағы кездесуінде де өз перзенттерін экстремистік және лаңкестік топтар мен ұйымдарға қосылудың кері салдарларынан хабардар етуді тапсырған болатын.