Түркия президенті өзінің қазақ әріптесіне алғыс айтты
Түркия президенті Ресей президентімен сөйлесу үшін тиісті үйлесімділіктер жасаған өзінің қазақ әріптесіне алғыс айтты.
Әзірбайжан республикасының Müsavat сайтының мәліметі бойынша Қазақстан басылымдары бүгін, бейсенбі күні Реджеп Тайып Ердоғанның сәрсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы байланыс орнатуы үшін тиісті үйлесімділіктер жасауына байланысты және Анкара мен Мәскеу байланыстарын қалпына келтіруге көмектескені үшін Қазақстан президентіне телефон арқылы алғыс айтқанын хабарлаған. Реджеп Тайып Ердоған сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбевқа Қазақстанның Ресеймен арағайындық жасауда Түркияға ең үлкен сый тарту еткенін мәлімдеген. Қазақстан президенті де сол сұхбатта Қазақстанның әрдайым кез келген қайшылықты бейбіт жолмен шешуді жақтайтынын, осы салада қандай іс болса да орындайтынын қуаттаған. Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған сәрсенбі күні Анкара мен Мәскеу қарым-қатынастары бұзылғаннан кейін бірінші рет Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Путин де сол телефон сұхбатынан кейін ресейлік туристердің Түркия сапарларына салған тыйымның күшін жойды.