Үндістан Иранға 500 миллион доллар қарызын төледі
Маусым 30, 2016 21:36 Asia/Almaty
Иран мұнайын сатып алушы үндістандық ең үлкен мұнай компаниясы "Асар" екі миллиард 600 миллион долларлық мұнай сатып алудағы қарызының 500 миллион долларын қайтарды.
Ағылшын тіліндегі Pioneer газеті репортажында "Бангалор" және "Indian Oil" мұнай өңдеу компанияларының өздерінің бір миллиард доллардан астам бұрынғы қарыздарын Иранға қайтарғанын жазды. Үндістанның 'Hindustan Petroleum' компаниясы да өзінің 23 миллион доллар қарызының 17 миллион 500 мың долларын Иранға қайтарды.
Тегтер