Ресейлік кеме Сирия дағдарысына қатысуы ықтимал
Шіл 03, 2016 21:55 Asia/Almaty
Ресей ұшақ тасушы «Адмирал Кузнецов» кемесін Сирия соғысына қатыстыру жобасын қолға алып отыр.
Аты аталмаған бір ресейлік әскери дипломатиялық дереккөзі Жерорта теңізінің шығысындағы ұшақ тасушы «Адмирал Кузнецов» кемесінің тікұшақтары Сириядағы лаңкестік топтардың бекіністерін 2016 жылдың қазан айынан 2017 жылдың қаңтар айына дейін бомбалайтынын айтты. Осыған сәйкес, ұшақтар да «Адмирал Кузнецов» кемесінің үстінен Сирияның Хмеймим әуежайындағы ұшақтармен бірге шабуылдарды жүзеге асырады.
Тегтер