Иран Сыртқы істер министрлігінің төрт ирандық дипломаттың ұрлануының жылдығына байланысты мәлімдемесі
Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде адам құқығы органдарынан Ливанда ұрланған ирандық дипломаттарды босату саласындағы өздерінің заңды міндеттерін орындауды сұрады.
Иран Сыртқы істер министрлігі жексенбі күні ирандық төрт дипломаттың Ливанда ұрлануының 34 жылдығына қатысты жариялаған мәлімдемесінде БҰҰ Бас хатшысынан, Әлемдік Қызыл крест ұйымы мен адам құқығы мәселелерімен айналысатын басқа органдардан өздерінің заңды міндеттеріне сай әрекет жасап, сионистік режимге қысым көрсетіп, оларды босатуға шара қолдануды талап етті.
Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде: «Құжаттар мен деректер бұл адамдардың сионистік режимнің жалдамалылары тарапынан ұрланып, олардың басып алынған жерлерге ауыстырылғандарын көрсетеді. ИИР бұл оқиғаның анық-қанығына жету үшін халықаралық зерттеу комитетін құру туралы бұрынғы ұсынысын қайтадан қуаттайды»,- деді.
1982-ші жылдың шілде айында сионистік режимнің жалдамалылары ИИР-ның төрт дипломатын, атап айтқанда Сейед Мохсен Мусави, Ахмад Мотаваселиан, Тақи Растегор Мұқаддам мен Казем Ахванды Ливанда ұрлап кеткен болатын.