Лондонда Әлемдік Құдс күніне арналған шеру өтті
Лондонда Әлемдік Құдс күніне арналған шеру көптеген ораза тұтушы мұсылмандар мен азаматтық белсенділердің, адам құқығын қорғаушы және соғысқа қарсы топтардың, сонымен бірге сионистік режимге қарсы еврей және христиан белсенділердің қатысуымен өтті.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, шеруге қатысушылар Вашингтон басшыларының сионистік қылмыскерлерді қолдауын айыптау үшін бірнеше көшеден өтіп, АҚШ елшілігінің алдына жиналған.
Шерушілер шеру барысында ВВС арнасының ғимаратының алдында да жиналып, бұл арнаның сионистік режимнің басып алынған Палестина жерлеріндегі қылмыстарына үнсіздік танытуын қатаң сынады.
Лондонның бірнеше орталық көшесінің жабылуына себеп болған шеруге қатысушылар Палестина мен Хизболла және ХАМАС қозғалыстарының тулары мен Палестина халқын қолдайтын және сионистік режимді айыптайтын ұрандар жазылған плакаттар көтеріп, нәсілшіл Израиль режиміне санкция салу қажеттігі туралы ұрандар айтты.
Шерушілер сонымен бірге өз ұрандарында сионистік режимді лаңкестік режим және ДАИШ сынды лаңкестік топ деп атап, Палестинаның басып алынған жерлерін босатуды талап етті.