Еуропа басшылары Ресейден ДАИШ-ті бомбалауды тоқтатуды сұрады
(last modified Sat, 20 Feb 2016 08:22:46 GMT )
Ақп 20, 2016 14:22 Asia/Almaty
  • Еуропа басшылары Ресейден ДАИШ-ті бомбалауды тоқтатуды сұрады

Еуропа басшылары Сирияда қаруланған тәкфирлік топтарды бомбалауды тоқтатуды сұрады.

«Reuters» ақпарат агенттігінің Брюссельден хабарлауы бойынша, Еуроодақтың басшылары кеше, жұма күні Ресейден Сирияда Батыстың қолдауына ие болып отырған қаруланған тәкфирлік топтарды бомбалауды тоқтатуды сұрап, негізсіз уәждер арқылы Мәскеуді бұл ісімен Сирияның бейбіт талпыныстарына қатер төндіріп, босқындардың Еуропаға ағылуын одан ары арттырады деп айыптады.

Еуроодақ басшыларының бұл өтініші алпауыт елдер Сирияда Ресей лаңкестік топтарға қарсы шабуыл жасауға күш жұмылдырып отырған жерде қақтығыстарды тоқтату туралы келісімнен бір апта өткеннен кейін жасалды. Еуроодақ басшылары, сондай-ақ, Сирияда дұшпандықты тоқтату туралы жасалған келісімді орындауды қалайтындықтарын білдірді.

Еуроодақтың басшылары отырыс өткізгеннен кейін ортақ мәлімдеме жариялап: «Еуропа кеңесі Сирия жүйесі мен оның одақтастарынан лаңкес емес, қарсылас топтарға шабуыл жасауды тоқтатуды сұрайды, өйткені шабуылдар бейбіт болашақтың қатерге ұшырап, босқындар дағдарысын күшейтуге себеп болады. Сирияда барлық дұшпандықтарды тоқтату тез арада жүзеге асырылуы тиіс»,-деп мәлімдеді.