Ұлыбритания Ирак соғысы туралы Чилкот жариялаған есепке реакция көрсетті
(last modified Thu, 07 Jul 2016 10:55:56 GMT )
Шіл 07, 2016 16:55 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания Ирак соғысы туралы Чилкот жариялаған есепке реакция көрсетті

Ұлыбританияның үкімет басшысы Чилкот комитеті жариялаған мәліметке көрсеткен реакциясында: "Иракқа қатысты әскери вариантқа дауыс берген кісілер жауапкершіліктің бір бөлігін мойындарына алуы керек" деді.

Ұлыбританияның үкімет басшысы Дэвид Кэмерон Қауымдар палатасында: «Соғысқа баруға шешім қабылдау өзге барлық тәсілдерді қолданудан кейін болуы керек. Ескертулерге қарамастан, әскери вариантқа барудың алдын алу үшін қолайлы шара қолданылған жоқ» деді.

Ұлыбританияның Лейбористік партиясының төрағасы Джереми Корбин де Қауымдар палатасында жасаған баяндамасында Ирак соғысы туралы «Чилкот» комитетінің есебінің жариялануы туралы: «Иракқа шабуыл жасау және осы елді басып алу шешімін Ұлыбритания үкіметі халықтың басым көпшілігінің қалауына қайшы қабылдады» деді.

Иракқа шабуылдағы Ұлыбританияның рөлі туралы тергеу комитетінің төрағасы Сэр Джон Чилкот 2003 жылы Ұлыбританияның Иракқа әскери шабуыл жасауға атсалысуы әлі де бейбіт таңдауларға мүмкіндік болған жағдайда іске асты деді.

Тегтер