Путин лаңкестікке қарсы заңға қол қойды
(last modified Sat, 09 Jul 2016 01:00:54 GMT )
Шіл 09, 2016 07:00 Asia/Almaty
  • Путин лаңкестікке қарсы заңға қол қойды

Ресей Президенті Владимр Путин бейсенбі күні лаңкестікке қарсы заңға қол қойды.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің үкіметтен жаңа заңға қатысты ықтималды экономикалық қатерлерді азайту үшін қажетті шара қолдануды талап еткенін хабарлады.

Ресей орталығы Солтүстік Кавказда орналасқан экстремистердің лаңкестік қоқан-лоққыларымен бетпе-бет келуде. Бұл мәселеге байланысты Ресей үкіметі таяуда Думаға лаңкестікке қарсы күресті күшейтететін жаңа жоба ұсынған болатын. Бұл жоба заң шығарушы орган мен Федерация кеңесінде бекітілгеннен кейін Путиннің қолы қойылып, заңға айналды. Аталмыш заңда ғаламтордағы әрекеттерге бақылауды күшейту және интернет компанияларына бірнеше айға тұтынушыларының мәліметтерін сақтап қалуды міндеттеу қарастырылған. Сонымен бірге бірінші заңда қылмысты айтпағаны үшін қамауға алу, заңға жауап беретін жасты 14 жасқа төмендету және лаңкестікті, әсіресе интернеттегі лаңкестікті ақтағаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айыру анық көрсетілген. Екінші заңда байланыс арналарына бақылау жүргізетін органдарды күшейту және интернет компанияларын алты айға дейін тұтынушыларының сөздері мен мәліметтерін сақтап қалуға міндеттеу жобаланған.

Ресей үкіметі бұл заң лаңкестікке қарсы шынайы күресу және лаңкестерге жаза қолдануды арттыру, сондай-ақ интернеттегі лаңкестік әрекеттерден хабардар болу үшін бекітілді деп жариялады. Қарсыластардың пікірінше, бұл заңдағы, әсіресе екінші заңдағы шаралардың лаңкестікпен күресуге қатысы жоқ. Ресей үкіметінің қарсыластары бұл заңды үкіметтің ел азаматтарына толық бақылау жүргізу талпынысы деп санайды. Қарсылас партиялардың айтуынша, заңның бекітілуі ағымдағы 2016-шы жылдың желтоқсан айында өтетін парламенттік сайлауға қатысты. Оппозициялық партиялардың айтуынша, Ресейде бұл заңның бекітілуі сайлаумен байланысты. Оның мақсаттарының бірі – қарсыластарды көшеге шығып, наразылық білдіруден бас тартқызу. Үкімет қарсыластарының уәждеріне қарамастан Ресей үкіметінің соңғы әрекеттері, соның ішінде лаңкестікке қарсы жаңа заң бекітуі Ресейдегі лаңкестік қоқан-лоққыларға қарсы шынайы шара қолдануын көрсетеді. 2015-ші жылдың қыркүйек айының 30-да Ресей Сириядағы әскери әрекеттерін бастап, олардың мақсаты Сирия үкіметіне қарсы лаңкестік топтармен күресу деп жарияланғаннан бері Ресейдің ішінде экстремизм мен лаңкестікке қарсы әртүрлі шара қолданылды. Соның бірі 2015-ші жылдың соңында құрылған лаңкестікке қарсы әрекет орталығы болды. Олар Каспий теңізінің жағалауы, Қырым, Қиыр Шығыста орналасты. Ресейдің саяси-қауіпсіздік саласындағы жоғары лауазымды басшыларының пікірлері бойынша бұл елде лаңкестік әрекеттердің ықтималы арта түскен.