Халықаралық Кешірім Ұйымы Израильдің Газада жасаған қылмыстарына қатысты жазаланбауын сынады
https://itolqyn.com/news/world-i10870-Халықаралық_Кешірім_Ұйымы_Израильдің_Газада_жасаған_қылмыстарына_қатысты_жазаланбауын_сынады
Халықаралық Кешірім Ұйымы сионистік режимнің Газадағы 50 күндік соғыста жасаған қылмыстары үшін жазаға тартылмауын сынады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 09, 2016 15:25 Asia/Almaty
  • Халықаралық Кешірім Ұйымы Израильдің Газада жасаған қылмыстарына қатысты жазаланбауын сынады

Халықаралық Кешірім Ұйымы сионистік режимнің Газадағы 50 күндік соғыста жасаған қылмыстары үшін жазаға тартылмауын сынады.

Халықаралық Кешірім Ұйымы Газадағы 50 күндік соғыстың басталуының екінші жылдығына байланысты мәлімдемеде қылмысқа жауапты кісілердің жазаланбауын ақтауға болмайды деп баса айтты.

Осы мәлімдемеде сондай- ақ 2014 жылғы Газадағы соғыста өз туыстарынан айрылған палестиналықтармен болған сұхбат келтіріліп, сионистік режимнің өз шабуылдарында айқын түрде әскери еместерді нысанаға алғаны қуатталды.

Осы мәлімдеме бойынша, сионистік режимнің шабуылдары Газа секторындағы мектептер мен медициналық нысандар, су және канализациялар желілеріне, егістік алқаптары мен сауда орталықтарына зор шығын келуге немесе олардың жойылуына себеп болып, Газада 18 мыңнан астам үйді жойып, қиратқан.

Осы мәліметке сәйкес, сионистік режимнің Газа секторына жасаған 50 күндік шабуылдарынан 2200- дан астам палестиналық, соның ішінде 550 палестиналық сәби шәһид болды. Сондай- ақ осы шабуылдар барысында 11 мыңнан астам палестиналық жараланды.