Батыстықтар зымырандық бағдарламаға қатысты Ираннан үркіту саясатының жаңа толқынын қалыптастыруда
Германия Канцлері Ангела Меркель мен БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун жеке түрде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен Иранның зымырандық жұмыстары туралы уәж айтты.
Алдымен Пан Ги Мунның Иранның зымырандық бағдарламасы туралы мәлімдемесінің бір бөлігі жарияланды. Бұл мәлімдемеде: «Иранның баллистикалық зымырандарын атуы Теһран мен әлемдік алпауыт елдердің ядролық келісімінің рухына сай келмейді»,- деген уәж айтылды. Осы мәлімдеме жарияланған соң Германия Канцлері Ангела Меркель Иранның зымырандық сынақтарын заңсыз және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің заңдарына қайшы деп атап: «Иранның зымырандық бағдарламалары Қауіпсіздік кеңестің заңдарына қайшы. НАТО-ның қорғаныс жүйелері Иранның зымырандық бағдарламасына қарсы әрі қорғаныстық аспектілерге ие»,- деген уәж айтты.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Иранға қарсы осы сөздерге реакция білдірген соң, Иранның Атом Қуаты ұйымының төрағасы Әлиакбар Салеһи бұл уәждерге жауап қайтарып, Германия Канцлерінің уәждері мен БҰҰ Бас хатшысының сөздерін Иранға қарсы жаңа қастандықтардың қалыптасып келе жатқанының белгісі деп атады. Иран Сыртқы Істер Министрлігінің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми Германия канцлері Ангела Меркельдің сөздеріне реакция білдіріп: "ИИР өзінің зымырандық бағдарламасының толығымен қорғаныстық аспектіге ие екендігін, ядролық оқтұмсықтарды тиеуді мақсат етпейдіндігін, сол себепті Қауіпсіздік кеңесінің 2231 резолюциясын бұзбайтынын әрі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына ешқандай қатысының жоқ екендігін сан рет мәлімдеді» деді.
Иранның ядролық жұмыстары Иран мен «алтылық» тобының ядролық келісімінен бөлінген болатын. Иранның зымырандық жұмыстары туралы 2231-ші қарарда: «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ираннан ядролық оқтұмсықтар тасымалдайтын зымырандар шығармауды талап етеді»,- деп айтылған. Иранның ешбір зымыраны ядролық оқтұмсық тасымалдайтындай жобаланған емес. Мұны дәлелдейтін екі мәселені атап өтуге болады: біріншіден, Иранның ядролық доктринасы бейбіт мақсатты ядролық технологияны пайдалануды қарастырып, жаппай қырып-жоятын қаруды пайдаланып, сақтауға тыйым салған. Иран ислам революциясының мәртебелі жетекшісі аятолла Хаменеи ядролық қару шығаруды харам деп жариялаған болатын. Сондықтан Иран еш уақытта ядролық оқтұмсық тасымалдайтын зымырандарды шығармайды; екіншіден, Иранның зымырандарының техникалық ерекшеліктері мен сипаттамалары айқын. Иранның зымырандары ядролық оқтұмсық тасымалдауға жарамайды. Сондықтан кейбір Батыс басшыларының уәждері тек сылтау іздеу ғана. Олардың мақсаты Иранның қорғаныстық күш-қуатына шектеу қою болып табылады. Бірақ Иран қорғаныс мәселесіне қатысты келіссөз жүргізбейтінін туралы сан рет мәлімдеді. АҚШ пен Еуропадағы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсылар кез келген сылтаумен аймақ пен әлемде Ираннан үркітудің жаңа толқынын бастауды көздеуде. Олар ИИР-ның бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасы туралы өтіріктерімен Иранды оқшауландыру бағытындағы мақсаттарына жетпеген соң екі жылғы қарқынды келіссөздерден кейін Иранмен келісімге қол қойды. Иран бұл келісімде өзінің бейбіт мақсатты бағдарламасына шектеу қоюға келісіп, орнына Батыс үкіметтері ИИР-на қарсы әділетсіз санкциялардың күшін жоятын болды. Бұл міндеттемелер 2231-ші қарарда реттелді.
Бірақ АҚШ басқарған Батыс үкіметтері өз міндеттемелерін орындамау үшін сылтау іздеуде. Осыған орай Иранның аймақтағы қорғаныстық күшін нығайту жолындағы талпыныстарын ілгерілетіп, Иранға қарсы жаңа толқынды бастады. Германия Канцлерінің Еуропадағы НАТО-ның қорғаныс жүйелері Иранның зымырандарына қарсы орнатылуда деген уәждерін осы тұрғыдан бағалауға болады. Ангела Меркель мен Пан Ги Мун өз уәждерімен сөздерінде тұрмайтындықтарын және олардың сөздері мен міндеттемелеріне сенім артуға болмайтындығын көрсетті.