Иран БҰҰ Бас хатшысының "Ортақ қадам" бағдарламасы туралы есебін құптады
(last modified Thu, 06 Oct 2016 09:09:15 GMT )
Қаз 06, 2016 15:09 Asia/Almaty
  • Иран БҰҰ Бас хатшысының

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі: "Иранның ядролық келісімді жүзеге асыруға деген беріктігі мен "Ортақ қадам" келісімінің кейбір тараптарының міндеттерін бұзған жайттары БҰҰ Бас хатшысының есебінде бейтарап түрде көрініс табуы керек" деді.

ИРНА-ның хабарлауынша, Ғоломали Хошру сәрсенбі күні БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында осы ұйымның Бас хатшысының жылдық есебі туралы сөйлеген сөзінде БҰҰ хатшылығының "Ортақ қадам" бағдарламасындағы өзінің оң рөлін осы келісімнің жүзеге асырылуы туралы есептер мен мәлімдемелерінде жасампаздық таныту арқылы жүзеге асыру керек екенін айтты. 

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун өзінің жуырдағы есебінде "Ортақ қадам" бағдарламасын тарихи жетістік, дипломатияның құндылығының айғағы және халықаралық қауымдастықтың Иранмен қарым-қатынастарындағы өзгерісті кезең деп атап, бұл келісімнің аймақтағы және одан тыс жердегі көптеген қауіпсіздік түйткілдерінде өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа жетуге көмектесетінін айтты.