Асад: Сирия дағдарысы – Батыстың қате саясатының салдары
(last modified Mon, 11 Jul 2016 07:43:00 GMT )
Шіл 11, 2016 13:43 Asia/Almaty
  • Асад: Сирия дағдарысы – Батыстың қате саясатының салдары

Сирия Президенті елдегі дағдарысты Батыстың қате саясатының салдары деп атады.

Сирияның «Сана» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, осы елдің Президенті Башар Асад жексенбі күні Дамаскта Еуропаның парламенттік делегациясымен кездесуінде: «Сирияның қазіргі өзгерістері – Батыстың қате саясатының салдары. Батыстың жауапты тұлғаларының саясаты олардың халықтарының мүдделері аясында жүргізілмейді.

Еуропадағы қиындықтар, соның ішінде лаңкестік, экстремизм мен сириялықтардың Еуропаға босқындап енуі Батыстың кейбір басшыларының саясаттары мен шешімдерінің Сириядағы лаңкестік топтарды қолдауға бағытталғандығынан туындап отыр»,-деп баса айтты.

Сирия Президенті лаңкестік құбылысының таралып, сириялықтардың күнделікті жағдайының ауырлауына себеп болған кейбір елдердің қате саясаттарын қабылдаудағы Еуропаның парламенттік делегациясы рөлінің маңыздылығын атап өтіп: «Осы мәселелердің барлығы сириялықтарды өз елін тастап, Еуропа елдеріне босып кетуіне әкеліп соқтырды»,-деді.

Еуропаның парламенттік делегациясы да осы кездесуде: «Осы делегацияның Сирияға сапары және сириялықтардың жағдайымен таныс болуы Еуропа елдерінің саясатын түзетуде және Сирияға қарсы әділетсіз санкцияларды жоюда әсерлі бола алады»,-деп мәлімдеді.