«Мұнафықтар» лаңкестік тобын қайта жандандыру үшін жасалған талпыныстар жеңіліс табады
Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының ақпарат хатшысы бөгде ақпарат құралдары мен саудиялықтардың «Мұнафықтар» лаңкестік тобын қайта жандандыру үшін жасаған талпыныстары жеңіліске ұшырайды деп санайды.
«Sepah News» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының ақпарат хатшысы бригада генералы Рамазан Шариф жексенбі күні Сауд әулеті режимінің сенбі күні Париждің көшелерінде «Мұнафықтар» лаңкестік тобын қолдауға бағытталған сахналық көрініске қатысқандығына тоқталып: «Бұл шара саудиялық режимнің «Мұнафықтар» лаңкестік тобы тарапынан Иран халқына қарсы жасалған қылмыстарға атсалысқанын көрсетеді.
Бүгінде әлемдік қоғамдық пікірде Сауд әулеті режимінің аймақ пен одан да тыс жерде лаңкестікті қолдау өзегі болып табылатыны айқындала түсті. Шын мәнінде «Мұнафықтар», ДАИШ, Талибан, әл-Каида және әлемде таралған басқа да ондаған топ АҚШ, сионистік режим мен олардың аймақтық одақтастарының жоспарларымен адамзатқа қарсы қылмыс жасауда»,-деді.
Сардар бригада генералы Рамазан Шариф «Мұнафықтардың» бос армандары мен Сауд әулеті режимінің Иранға қатысты қолжетімсіз мақсаттарын теріске шығаруға болмайтын ақиқат деп атап: «Мұнафықтар» лаңкестік тобының 17000-ға жуық ирандық азамат пен жауапты тұлғаны шәһид етудегі қылмыстары адамзат тарихының жадынан өшпейді, олар әрдайым жиренішке ұшырап, айыпталып, жазаға тартылуы тиіс»,-деді.