Шіл 11, 2016 21:55 Asia/Almaty
  • Жаһангири мен Болгарияның үкімет басшысы ақпарат отырысын өткізді

ИИР президентінің бірінші орынбасары Иран мен Болгария басшылары арасында екі елдің байланыстарын жылдам кеңейту үшін шынайы талап қалыптасқан деді.

Иран президентінің бірінші орынбасары Исхақ Жаһангири Теһранда Болгария үкімет басшысы Бойко Борисовпен бірлескен ақпарат отырысында Иран мен Болгария арасында үш ынтымақтастық құжатына қол қойылғанына сілтеме жасап: «Екі елдің байланысы ежелден барлық салалар бойынша өте жақсы болған. Иран мен Болгария байланыстарының деңгейі қабылдауға тұрарлық.

Болгария үкімет басшысы бастаған жоғары мәртебелі делегациямен жақсы келіссөздер өткіздік. Екі жақты қызықтыратын салалар бойынша, соның ішінде мұнай мен газ, мұнай- химия, транспорт, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында келіссөз өтті» деді.

Болгария үкімет басшысы да осы ақпарат отырысында түрлі салалар бойынша, атап айтқанда экономика саласында Иранмен екі жақты байланысты кеңейтетінін қуаттады.

Бойко Борисов сондай-ақ елінің Грузия, Армения және Иранның тасымалдау дәлізіне қосылуын қолдады.

Тегтер