Рухани: Иран Болгариямен қарым-қатынасты кеңейтуге дайын
ИИР Президенті Иранның Теһран мен София арасындағы қарым-қатынастың жаңа тарауын ашуға дайын екендігін мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Теһранда Болгарияның Премьер-министрі Бойко Борисовпен кездесіп: «Иран мен Болгария халықтарының екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға деген құлшыныстары мемлекет қайраткерлері талпыныстарының еселене түсуіне қолайлы жағдай жасады»,-деді.
Иран Президенті лаңкестік мәселесі мен оның бүкіл аймақ пен әлемге тигізген зиянды әсерлері жайында: «Аймақтағы қақтығыстар кейбір елдердің «лаңкестікпен күрес» және «демократия» сынды сырттай әдемі ұрандар айтып, аймақ елдерінің ісіне араласып, қайшылықтар, террор мен үрей отын тұтатқанынан кейін басталды»,-деді.
Болгарияның Премьер-министрі осы кездесуде: «Болгария Иран үшін Еуропаның 550 млн. адамдық нарығына кіретін қақпа бола алады. Екі елдің экономикалық ынтымақтастығын дамытуға барлық жағдайлар жасалған»,-деді.
Болгарияның Премьер-министрі өз елінің ирандық өнімдерді еуропалық нарықтарға жеткізуді жеңілдету үшін аймақта жаңа дәліз жасауға талпыныс жасап жатқанын хабарлады.