«Спайкер» қылмысының негізгі орындаушысы өлтірілді
«Спайкер» қылмысының негізгі орындаушысы Ирактың Салахеддин облысында ДАИШ-қа қарсы коалиция қырғи ұшақтарының әуе шабуылында өлтірілді.
IRNA ақпарат агенттігінің Ирактың «әл-Масале» ақпараттық сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, қауіпсіздік күштері: «Салахеддиннің уәлиі» деп танылған әрі «Спайкер» қылмысының негізгі орындаушыларының бірі Абу Абдулазим әл-Аджили Салахеддиннің әл-Қияра елді мекенінде ДАИШ-ке қарсы коалиция қырғи ұшақтарының әуе шабуылында өлтірілді»,-деп хабарлады.
Хабардар көздердің айтуынша, ол ДАИШ-тың бірқатар әскер басшысымен бірге осы облыста өлтірілген.
Әл-Каида басшыларының бірі әл-Аджили Абу Масаб әз-Зарқавидің қол астында жұмыс істеген.
Осы мәлімет бойынша, «Спайкер» қылмысынан қалған суреттер ДАИШ-тың бұл басшысының жазықсыз адамдарды Тигр өзенінің жағалауында өлтіріп, олардың мәйіттерін суға лақтырғанын көрсетеді.
«Спайкер» оқиғасы 2014 жылдың 12 маусымында Тигр өзенінің жағалауында Салахеддин облысының орталығы Тикриттегі Ирактың бұрынғы диктаторы Саддамның сарайларының бірінде орын алған. Онда осы елдің оңтүстігіндегі 1700 адам салқынқандылықпен бауыздалды немесе суға лақтырылды.