Шіл 12, 2016 22:37 Asia/Almaty
  • Арақчи: «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы Иранның ядролық энергиядағы құқығын тұрақтандырды

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Иранның ядролық энергиядағы құқығын тұрақтандыруды «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының ең үлкен жетістігі деп атады.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары әрі «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының орындалу барысын қадағалау штабының ирандық төрағасы сейіт Аббас Арақчи Иран теледидарының екінші арнасының «Арнайы хабар» бағдарламасына берген сұхбатында осы маңызды халықаралық құжаттың жетістіктерін баяндауда: «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының орындалуынан 6 ай уақыттың өтуімен тараптар жарияланған мәтін бойынша өз міндеттемелеріне берік болған. Осыған сәйкес, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларының күші жойылып, Иранға қарсы жанжалды іс жабылды» деді.

Арақчи ауыр су сату нарығында Иранның ресми түрде танылуын «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының келесі жетістігі деп атап: «Иран өндірілген ауыр судың артығын келіссөздер бойынша Америкаға сатты. Қазір шамамен 40 тонна ауыр суды Ресейге сату үшін келіссөздер жалғасуда» деді.

«Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының орындалу барысын қадағалау штабының төрағасы батыстықтардың бір кездері Иранның ядролық мәселесін зымырандық тақырыппен байланыстырғанын баяндай келе: «Иранның келісімгер тобы ядролық келіссөздерде зымырандық және ядролық тақырыптың түйінін шешті» деді.

Тегтер