Иран мен Қазақстан Сыртқы істер министрлері екі жақты ынтымақтастықты арттыру қажеттігін қуаттады
Иран мен Қазақстан Сыртқы істер министрлері екіжақты қарым-қатынасты кеңейту қажеттігін қуаттады.
«Fars» ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Каспий теңізі жағалауындағы бес ел Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысу үшін Қазақстанға сапар шеккен Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесіп, барлық салалар, соның ішінде консулдық әріптестікті кеңейту және виза беруді жеңілдету бойынша екіжақты ынтымақтастықтарды нығайтуды қалайтынын мәлімдеді.
Зариф Иран басшыларының Қазақстанмен ынтымақтастық деңгейін жоғарылатуға дайын екенін айтып, Каспий теңізіне қатысты келіссөздердің жемісті болатындығына үміт білдіріп, Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығымен және бұл елдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болуымен құттықтады.
Ерлан Ыдырысов та Астана-Теһран қарым-қатынасының кеңеюін қуаттап: «Иран мен Қазақстан қарым-қатынасы күн өткен сайын кеңейе түсуі тиіс»,-деді.
Қазақстан Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны дайындау үшін сындарлы келіссөздердің маңыздылығы және Иранмен банк ісі, ауыл шаруашылығы, тасымал мен транзит салаларында әріптестікті арттыруға тоқталып: «Екі ел арасында тікелей рейстерді арттыру, туристік және сауда сапарлары мен аймақтық және халықаралық ынтымақтастықтарды арттыру күн тәртібіне қойылған»,-деп мәлімдеді.