Оңтүстік Корея мен Иран аптасына тікелей 11 рейс ұшыруға келісті
Оңтүстік Корея үкіметі Иран Ислам Республикасымен екі елдің астаналары арасында аптасына тікелей 11 рейс ұшыруға келіскенін мәлімдеді.
Оңтүстік Корея үкіметі сәрсенбі күні соңғы айларда Сеул мен Теһранның экономикалық ынтымақтастықтарының кеңей түскеніне сілтеме жасап, екі ел арасында ұшатын рейстер санының аптасына тікелей 4 рейстен 11 рейске ұлғайтылатынын мәлімдеді.
Оңтүстік Кореяның Көлік және инфрақұрылымдық жобалар министрлігі де осы хабарды растап, Сеулдің Иранмен туристік, сауда және экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейтуді мақсат ететінін, осы бағытта рейстерді көбейту қажеттігін мәлімдеді.
Оңтүстік Корея мен Иран арасында рейстердің ұлғаюымен жыл сайын екі ел арасында 40 мыңға жуық жолаушы қатынайтын болады деп күтілуде.