Клинтон Трамппен салыстырғанда 13 пайызға басым түсті
(last modified Wed, 13 Jul 2016 16:52:27 GMT )
Шіл 13, 2016 22:52 Asia/Almaty
  • Клинтон Трамппен салыстырғанда 13 пайызға басым түсті

Жүргізілген сауалнама бойынша, Америкадағы президенттік сайлаудағы демократиялық партияның негізгі үміткері өзінің республикашыл бақталасынан алда келе жатыр.

«Reuters» агенттігі және «Ipsos» орталығы жүргізген соңғы сауалнама сәрсенбі күні Америкадағы президенттік сайлаудағы демократиялық партияның соңғы ықтималды үміткері Хиллари Клинтонның өзінің республикашыл бақталасы Дональд Трамптан басымдылығын 13 пайызға ұлғайтқанын көрсетеді.

Шілде айының 8-12 аралығында жүргізілген сауалнама бойынша, ықтималды дауыс берушілердің 46 пайызы Клинтонға қолдау көрсетсе, 33 пайызы Трампты қолдаған.

Осы арада 21 пайыз осы екеуін сайлауға сенімсіздік танытқан.

Маусым айында Клинтон «Reuters» агенттігінің онлайн режиміндегі сауалнамаларының көбісінде өзінің республикашыл бақталасынан басымдығын сақтаған.

Трамптың беделінің төмендеп кетуі себептерінің бірі өзінің республикашыл әріптестерімен келіспеуі және халықаралық еркін сауда шартын қолдамауы болып табылады.