Лаңкестер Францияның Ницца қаласында лаңкестік әрекет жасады
Францияның Ницца қаласындағы прокуратура кеңсесі кешегі лаңкестік әрекет құрбандары санының 70 адамнан асқанын хабарлады.
Бір ауыр жүк көлігінің жүргізушісі кеше, бейсенбі күні кешке Францияның Ницца қаласында бір топ адамға шабуыл жасап, оларды басып кетті. Соның салдарынан 80-ге жуық адам қаза тауып, 130-дан астам адам жарақат алды. 45 адамның жағдайы аса ауыр деп хабарланып отыр.
Бір куәгер "Аssociated Press" агенттігіне: " Ницца қаласында халыққа шабуыл жасаған жүк көлігінің жүргізушісі оларды басып кеткеннен кейін көліктен түсіп, оларға қарай оқ жаудырды",-деді.
"Ле Фигаро" интернет сайтының хабарлауы бойынша, бұл лаңкестік шабуыл бейсенбі күні кешке Францияның Ұлттық күнімен қатарлас орын алған.
Хабардар көздердің айтуынша, жүк көлігінен айтарлықтай көлемде қару-жарақ, граната мен пулемет табылған.
Францияның Ницца қаласындағы лаңкестік әрекеттен кейін Париждегі "Эйфель" мұнарасында өрт шықты.
Францияны тамұққа айналдырған бейсенбі күні кеште "Эйфель" мұнарасына жақын жерде шыққан өрт түтіннен үлкен бұлт тудырды. Бұған қарамастан Франция полициясы бұл оқиғаның Ницца қаласындағы лаңкестік әрекетке еш қатысы жоқ деп қуаттап отыр.