Иран Францияның "Мұнафықтар" тобына қатысты ұстанымына реакция білдірді
Иран СІМ-дегі бір хабардар қайраткер "Мұнафықтар" тобын лаңкес деп тануды жеткілікті емес деп атады.
Иран СІМ-нің ақпараттық дипломатия департаментінің хабарлауы бойынша, Франция СІМ ақпарат хатшысының Иранның Франция үкіметі тарапынан "Мұнафықтар" лаңкестік тобына қолдау көрсетілгеніне наразылық білдіруіне қатысты ұстанымы жарияланған соң Иран СІМ-дегі бір хабардар қайраткер бейсенбі күні осы ұстаным туралы: "Мұнафықтар" тобын лаңкес әрі қатігез деп танып, олардың жікке бөлушілік сипаттағы әрекеттерін атап қана қою жеткілікті емес.
Соңғы жылдары француздардың үнемі өздерін кейбір реакцияшыл елдер мен "әл-Каида" және ДАИШ топтарын демеушілердің қолдауындағы тәкфирлік топтардың лаңкестік әрекеттерінің Еуропадағы құрбандарының бірі санайтынын ескере отырып, өзінің барлық күш-қуатын лаңкестік және экстремистік топтармен күреске салатынын баса айтқан болатын",-деді. Парижде "Мұнафықтар" тобының жиыны өткеннен кейін Иран Францияға өзінің наразылығын білдірген соң Франция СІМ бұл елдің "Мұнафықтар" тобымен ешқандай байланыс орнатпағанын және бұл топты демократиялық емес, қатігездікті жақтайтын топ санайтынын мәлімдеді.