АҚШ Конгресінде Иранға қарсы жаңа санкциялар жобасы бекітілді
(last modified 2016-07-15T09:03:26+00:00 )
Шіл 15, 2016 15:03 Asia/Almaty
  • АҚШ Конгресінде Иранға қарсы жаңа санкциялар жобасы бекітілді

АҚШ-тың Өкілдер палатасы ИИР-ға қарсы жаңа санкциялар жобасын бекітті.

ISNA ақпарат агенттігінің "Washington Examiner"-ге сілтеме жасап хабарлауы бойынша, АҚШ-тың Өкілдер палатасы бейсенбі күні Ираннан ауыр су сатып алуға тыйым салу жобасын бекіткеннен кейін ИИР-ға жаңа санкциялар салу мақсатында зымырандық бағдарлама мен адам құқығының бұзылуы сылтауымен келесі бір жобаны бекітті.

АҚШ Өкілдер палатасының республикашыл депутаттары "Иранның жауапкершілігі" деген атпен ИИР-ға жаңа санкциялар салу жобасын 246 оң дауыс, 179 қарсы дауыспен бекітті. Бұл жобаға тек 8 демократ депутат қарсы дауыс берді.

Осы мәлімет бойынша, АҚШ Өкілдер палатасының республикашылдары, сондай-ақ, Иранның АҚШ-тың банктік жүйесіне қолжетімділігіне тыйым салу үшін басқа бір жобаны бекітуді мақсат етіп отыр.

«Алтылық» тобына мүше елдер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы аясында өз міндеттемелеріне берік болу жауапкершілігін мойындарына алған, алайда АҚШ уағдаластықты бұзып, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына берік болмай отыр.

Тегтер