АҚШ Конгресі 11 қыркүйек оқиғасы туралы мәліметтің бір бөлігін жариялады
(last modified 2016-07-16T11:00:50+00:00 )
Шіл 16, 2016 17:00 Asia/Almaty
  • АҚШ Конгресі 11 қыркүйек оқиғасы туралы мәліметтің бір бөлігін жариялады

АҚШ Конгресі 14 жылдан кейін 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасына Саудия азаматтарының қатысы туралы құпия құжаттардың 28 бетін жариялады.

Осы 28 бет көп жылдан бері құпия сақталған 838 беттен тұратын мәліметтің бір бөлігі болып табылады. Осы бөлімдерде Саудия азаматтарының 11 қыркүйектегі шабуылдарды жоспарлау және қаржымен қамтамасыз етуге қатысы бар болғандығы айтылады.

Ұзақ уақыт күтуден кейін соңында АҚШ Конгресі қоғамдық пікірдің қысымымен Сауд Арабиясының 11 қыркүйек оқиғасына қатысының қырларын анықтау үшін негізгі мәліметтің 28 бетінен тұратын осы мәселеге қатысты бөлімді жариялады, алайда айғақ- деректер осы мәліметтің бұдан бұрын күткендей- ақ Саудия үкіметінің 11 қыркүйектегі шабуылдарды ұйымдастырушыларға қолдау көрсетудегі рөліне сілтеме жасамаған.

Осы мәлімет жарияланған соң Сауд Арабиясының 11 қыркүйектегі шабуылдарға қатысы болғанын толығымен әшкерелеуді күткен құрбандардың отбасылары өкініш білдіріп, үмітсіздікке бой алдырған. Қазірге дейін осы жанжалды мәліметтің жариялануымен 11 қыркүйектегі шабуылдар құрбандарының отбасылары Сауд Арабиясының үстінен шағымданып, өтемақы сұрайды деген пікір болды. Дегенмен республикашыл мәртебелі депутат Адам Шиф бұл құжаттар Саудия үкіметінің 11 қыркүйектегі шабуылдарда рөл атқарғанын дәлелдемейді деген уәж айтты. Осы мәліметте 11 қыркүйектегі шабуылдарға қатысы болған ұшақты айдап әкеткен 19 кісінің 15-інің Сауд Арабиясының азаматтары болғаны ашық айтылған.

Америкалық сенатордың айтуынша, Саудия қайраткерлері 28 беттен тұратын осы мәліметтің жариялануын қолдап, оның жариялануын оларға өздеріне қарсы айтылған айыптауларға жауап беруге мұрсат тудырады деген уәж айтқан. Америкалық сенатор мынадай жағдайда саудиялықтар 14 жыл құпия сақталған мәліметтің жариялануын қолдап отыр деген уәж айтады: Сауд Арабиясы осыдан бұрын, егер осы құжаттар жарияланса мұнай сатудан қолға түскен 700 млрд доллар инвестицияны Америкадан шығарады деп сес көрсеткен болатын.

Кейбір америкалық дереккөздері саудиялықтардың ескертуінен кейін Сауд Арабиясы үкіметінің лаңкестермен ынтымақтастық жасағанын аңғартатын бұл мәліметтің мазмұны өзгертілді дейді. Сауд Арабиясы 2001 жылы әлемдік сауда орталығының қос ғимараты мен Пентагонға жасалған шабуылдарға өзінің қатысы болғанын теріске шығарып отырғанымен, Сауд Арабиясының 11 қыркүйек оқиғасына қатысы туралы құпия мәліметтің мазмұнының әшкереленуі АҚШ үкіметінің әрдайым Сауд Арабиясын Вашингтонның Таяу Шығыс пен Парсы Шығанағындағы стратегиялық одақтасы ретінде санауға талпыныс жасағанын көрсетті. Алайда іс жүзінде эр-Рияд 11 қыркүйек оқиғасында шабуылдарды ұйымдастырушыларға түрлі көмек пен қызмет ұсыну арқылы Америкаға соққы берген.

Осындай жағдайда Америка қоғамдық пікірінің Вашингтон мен эр- Рияд байланысын қайтадан қарауға мүдделі болуы, екінші жағынан Саудия үкіметіне заңды қатынас көрсетуді талқылауы табиғи жайт болып табылады. 2016 жылы мамыр айында осы бағытта 11 қыркүйек оқиғасынан қалғандардың Сауд Арабиясынан өтемақы сұрауы АҚШ Сенатында бекітілген болатын. Осы мәселе Саудия үкіметінің қатаң наразылығын тудырды. Сол себепті эр- Рияд қарымта әрекетке баратынын айтып, сес көрсетті. Сауд Арабиясы осыдан бұрын, егер осы жоба бекітілсе, өзінің Америкадағы байлықтарын, соның ішінде қарыз қағаздарын біржолата сататыны туралы қоқан-лоққы жасады. Жалпы осы мәселелерге қарап, АҚШ үкіметі мен Конгресі сырт қарағанда 28 беттік мәліметке өзгертулер енгізіп, оның кейбір мазмұндарын алып тастап жариялауымен қоғамдық пікір мен 11 қыркүйек оқиғасынан қалғандардың талабына жауап берумен қоса, Сауд Арабиясы үкіметнің кері реакциясының алдын алып, екі елдің байланысына текетірес қалыптастырмау туралы тұжырымға жеткен сыңайлы.

Тегтер