Лариджани Франциядағы лаңкестік шабуылдарды айыптады
Иранның Исламдық кеңес мәжілісінің төрағасы Франция Парламентінің председателіне жолдауда Францияның Ницца қаласында болған лаңкестік шабуылдарды айыптады.
Иранның Исламдық кеңес мәжілісінің төрағасы Али Лариджани Франция парламентінің председателі Клод Бартолонға жолдауда Францияның Ницца қаласындағы лаңкестік әрекеттерді айыптап: «Тәкфирлік лаңкестік шекара танымайтынын, әртүрлі дін мен мазхабтарға ие барлық елдердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына шынайы қоқан-лоққы екендігін көрсетіп отыр» деді.
Лариджани осы жолдауда «Монафеқин» лаңкестік тобының Францияның астанасы Париж қаласындағы таяуда өткізген отырысына тоқталып: «ИИР лаңкестіктің сұм құбылысына екіжақты саясат ұстанып, шынайы қатынас көрсетпеу әлемнің әртүрлі жерінде бейберекеттік пен қатыгездіктің және экстремизмнің таралуына соқтырады деп санайды» деп қуаттады.
Бейсенбі күні кешке Францияның ұлттық күні Ницца қаласында көшеде жүрген адамдардың үстінен үлкен жүк көлігі таптап өтті. Франция полициясының хабарлауына сәйкес, аталмыш лаңкестік әрекетте 84 адам қаза тауып, 200 адам жараланған.