Иранның газы Шығыс Еуропаға экспортталады
Болгария Иранның мұнайын сатып алуға ынта танытқаннан кейін Иранға үш таңдау жолын – Түркия арқылы газ алу, Грузия арқылы импорттау және LNG табиғи газ конденсаты түрінде сатып алуды ұсынды.
Иранның Мұнай министрлігі Болгарияның «Панармениян» ақпарат сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, Болгарияның Премьер-министрі Бойко Борисов Софияда: «Болгария Иран газын Армения мен Грузия арқылы импорттау жолын қарастырып жатыр»,-деп мәлімдеді.
Болгария Премьер-министрі кеңсесінің мәлімдемесі бойынша, сондай-ақ, алдағы бірнеше күнде осы елдің астанасы Софияда Иран, Болгария, Армения мен Грузия елдері мамандарының отырысы өтетіні, онда Парсы шығанағы мен Қара теңізді байланыстырудың жаңа транзиттік жолы қарастырылатындығы хабарланды.
Иран Еуропаға жылына 30 млрд текше метр газ экспорттау қабілетіне ие болғандықтан бұл құрлықтың энергия базарынан өз үлесін алуды мақсат тұтады.