Кепілдікке алушылар Армения қайраткерлеріне талап қойды
Армения астанасындағы полиция орталықтарының бірін басып алған шабуылшылар осы елдің президенті мен үкімет мүшелерінің отставкаға кетуін талап етті.
ИРНА- ның хабарлауынша, қарулы адамдар бүгін жексенбі таңертең тұтқиылдан Эребуни аймағындағы полиция орталығына кіріп, оны өз бақылауына алған. Осы әрекет барысында бір адам қаза болды.
Кейбір мәліметтерге сәйкес, қарулы адамдар Еревандағы полицияның бірнеше ғимаратын бір мезгілде басып алмақ болған, бірақ сәтсіздікке ұшыраған.
Арменияның ұлттық қауіпсіздік басқармасы "Ереванда бірнеше ғимараттың бір мезгілде басып алынғаны туралы жарияланған мәліметтер дұрыс емес. Тек бір орталық қана шабуылшылардың бақылауына түсті" деп хабарлады.
Қарулы адамдар сондай- ақ Армения үкіметіне қамауда отырған «Новая Армения» атты үкіметке қарсы қозғалыстың жетекшісі Жирайр Сефилянды бостандыққа шығаруды талап еткен. Аталмыш кісі осы ел мен Әзірбайжан республикасы арасындағы Қарабақ даулы аймағында болған шайқастарда соғысқан деседі.
Ол сот мекемесінің шешімі бойынша қару мен оқ- дәріні заңсыз сақтағаны үшін екі ай бас бостандығынан айрылған.