Арменияда кепілдікке алынғандардың тағы бірі азат етілді
(last modified Mon, 18 Jul 2016 14:05:54 GMT )
Шіл 18, 2016 20:05 Asia/Almaty
  • Арменияда кепілдікке алынғандардың тағы бірі азат етілді

Арменияда кепілдікке алынғандардың тағы біреуі азат етілді.

PanARMENIAN.Net торабының мәлімдеуінше, Арменияның Эребуни аймағындағы полиция басқармасына шабуыл жасағандар дүйсенбі күні өздерінің ізгі ниетін көрсету үшін кепілдікке алынғандардың тағы біреуін азат еткен.

Осы мәлімет бойынша, қарулы кісілер тарапынан азат етілген тұтқындардың саны үш адамға жетті.

Өзге бір мәлімет бойынша, Эребуни аймағында кісілерді кепілдікке алған қарулы адамдардың ұсынысын Армения үкіметі қабылдамады.

Осы мәліметке сәйкес, қарулы адамдар Армения үкіметінен 20-шы маусымда құрықталып қамауда отырған «Новая Армения» атты үкіметке қарсы қозғалыстың жетекшісі Жирайр Сефилянды бостандыққа шығаруды талап еткен.

Қарулы адамдар жексенбі күні таңертеңгілік Эребуни аймағындағы полиция басқармасына баса-көктеп кіріп, осы орталықты өз бақылауына алып, 7 адамды кепілдікке алып, келіссөздер басталған соң екі адамды босатып жіберді.