Лавров: Түркиядағы оқиғалар Ресейдің Сириядағы лаңкестікке қарсы амалдарына әсер етпейді
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: «Ресейдің Сириядағы лаңкестерге қарсы әуе-ғарыш амалдары жалғаса береді. Түркиядағы оқиғалар бұл амалдарға еш әсер етпейді»,-деп мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Лавров дүйсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында: «Түркияның «Инджирлик» әуе базасының жағдайына қатысты мәселе мен оның Сириядағы лаңкестікке қарсы амалдарға әсері жайлы лаңкестермен күрес коалициясын басқаратын АҚШ-тан сұрау қажет»,-деді. ТАСС-тың хабарлауы бойынша, Ресей Сыртқы істер министрі: «Ресейдің Сириядағы әуе-ғарыш күштерінің амалдары осы елмен екіжақты келісім аясында және Сирия Президенті Башар Асадтың өтініші негізінде жүзеге асырылып жатыр. Ресей мен Сирия арасындағы осы келісімді орындауға қатысты ешқандай мәселе жоқ»,-деп мәлімдеді. ТаядаТүркияда сәтсіз төңкеріс болғаннан кейін Анкара АҚШ-қа «Инджирлик» әуе базасын қолдануға тосқауыл қойды, сондықтан бұл әуе базасының жұмысы бір тәулікке тоқтатылды.