Зариф: Пан Ги Муннің есебі қате мәліметтер негізінде құрастырылған
Иран Сыртқы істер министрі: "БҰҰ бас хатшысының Иран туралы есебі шала мәліметтер негізіндежәне оның келіссөздерден хабары жоқ кезде жазылған" деді.
«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Теһранда тілшілерге берген сұхбатта БҰҰ бас хатшысының соңғы есебі туралы: "Бұл есеп шала мәліметтер негізінде әрі Пан Ги Муннің келіссөздерден хабары жоқ кезде жазылған. Теһран БҰҰ- ның «Ортақ қадам» келісімін жазуда ешқандай рөл атқармағанын бұрын да айтқан" деді.
Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ бас хатшысының есебінде Иранға қарсы айтылған айыптаулар, әсіресе Ираннан Иракқа қару жөнелтілу туралы: "Иран Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарымен орайлас қабылданған мәлімдемеде лаңкестікке тосқауыл қою шараларын жалғастыратынын және бұл ислам республикасының саясаты екендігін әрі «Ортақ қадам» келісіміне еш қатысы жоқ екендігін қуаттады" деді.
БҰҰ- ның бас хаатшысы Қауіпсіздік Кеңесіне берген есебінде Иранның баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізуін Иран мен әлемдік алпауыттар арасындағы ядролық келісімнің рухын бұзады деп жазған. Алайда ислам республикасы өзінің ядролық бағдарламасының қорғаныстық сипатта екендігін әрі ядролық оқтұмсығын тасымалдау үшін жобаланбағанын талай рет мәлімдеген.