Шіл 20, 2016 15:06 Asia/Almaty
  • Иран мен «алтылық» елдері ортақ комиссиясының отырысына түсінік берілді

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары әрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қадағалау штабының ирандық басшысы осы бағдарламаны орындау жолындағы кедергілерді талқылауға арналған Иран мен «алтылық» елдері ортақ комиссиясының төртінші отырысына түсінік берді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары әрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қадағалау штабының ирандық басшысы сейіт Аббас Арақчи  Вена отырысы аяқталғаннан кейін: «Бүгінгі отырыста кейбіреулер қалыптасқан жағдайдың, әсіресе АҚШ Қаржы министрлігінің халықаралық деңгейде қалыптастырған жағдайының Иранмен жұмыс істегісі келетін экономикалық институттар мен компаниялар үшін жеткілікті түсініктеме мен ақпарат бермейтінін мойындады»,-деді. Иран Сыртқы істер министрі орынбасарының айтуынша, «алтылық» елдерінің сұрауы бойынша АҚШ тарапынан берілетін түсінік пен ақпарат  экономикалық институттарға  жолды айқын көрсететіндей болуы тиіс және оларды АҚШ-тың Қаржы министрлігі тарапынан тудырылған алаңдаушылықтан арылтуы керек.

Тегтер