Лариджани БҰҰ- ның мәлімдемесіне реакция білдірді
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы БҰҰ- ның Иранның ядро саласындағы істері туралы мәлімдемесін сынады.
ИРНА-ның хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани ислам кеңесі мәжілісінің сәрсенбі күнгі ашық отырысында БҰҰ- ның Иранның ядро саласындағы істері туралы мәлімдемесіне көрсеткен реакциясында: "Ядролық келісімге қарсы мазалау әрекеттері Иран үшін тосқауыл қоюдан өзге жол қалмаған жеріне жетті" деді.
БҰҰ- ның бас хатшысы Пан Ги Мун Қауіпсіздік Кеңесіне берген есебінде Иранның баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізуін Иран мен әлемдік алпауыттар арасындағы ядролық келісімнің рухына қайшы деп атады. Дегенмен ислам республикасы өзінің зымырандық бағдарламасының қорғаныстық сипатқа ие екенін және ядролық оқтұмсықты тиеу үшін жобаланбағанын әрі Қауіпсіздік Кеңесінің №2231 қарарын бұзбайтынын, бәрінен бұрын «Ортақ қадам» келісіміне де еш қатысы жоқтығын талай рет мәлімдеді.
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы сондай- ақ Йемен мен Сириядағы қылмыстарға сілтеме жасап: "БҰҰ бас хатшысының міндеті осы қылмыстарды қолдаушыларға қысым жасау арқылы аймақтағы соғысты тоқтату болып табылады.
БҰҰ- ның бас хатшысы ДАИШ лаңкестік тобы және өзге лаңкестік топтармен күресу үшін іс жүзінде шынайы шара қолдануы керек" деді.