Шіл 21, 2016 15:22 Asia/Almaty
  • БҰҰ- ның Бас хатшысы Иран мен «алтылық» елдерін «Ортақ қадам» келісіміне беріктігімен құттықтады

БҰҰ- ның Бас хатшысы Иран мен «алтылық» елдерінінің ядролық келісімшартқа қол қоюының жылдығында оны тарихи жетістік деп атап, Иран мен «алтылық» елдерін өз міндеттемелеріне берік болуымен құттықтады.

ИРНА-ның хабарлауынша, Пан Ги Мун сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №2231 қарары бекітілуінің алғашқы жылдығына байланысты үндеуінде Қауіпсіздік кеңесі мен «Ортақ қадам» келісіміне қол қойған тараптарды осы тарихи жетістігімен құттықтады.

Ол сөзінің жалғасында «Ортақ қадам» келісімін кикілжіңдер мен қақтығыстарды шешудегі дипломатияның жарқын жеңісінің нышаны және ядролық қаруларды таратпауға қатысты қағидаларды күшейтудің факторы деп сипаттап, барлық тараптардың оның мазмұнына берік болудағы талабына алғыс айтты.

БҰҰ-ның Бас хатшысы осы жолдауда Қауіпсіздік Кеңесінің №2231 қарарын Иранның Қауіпсіздік Кеңесімен байланысындағы түбегейлі өзгеріс деп атап, Иранның өзінің ядролық міндеттемелерін орындауға берік болуына байланысты алғыс айтты.

Тегтер