Армения қақтығыстарында жаралылардың саны артуда
(last modified Thu, 21 Jul 2016 16:53:15 GMT )
Шіл 21, 2016 22:53 Asia/Almaty
  • Армения қақтығыстарында жаралылардың саны артуда

Ресейдің ақпарат құралдары Еревандағы полиция мен наразылар арасындағы қақтығыстардағы жаралылар санының артқанын хабарлады.

«Тренд» хабар агенттігінің хабарлауы бойынша, РИА-Новости осы уақытқа дейін бүгін таңертең полициямен қақтығыстарда жараланған 50 Армения азаматының ауруханаларға барғанын мәлімдеді.

Осы мәліметке сәйкес, 50 адамның 28-і полиция қызметкерлері.

РИА-Новости сонымен қатар мәлімдеменің жалғасында қақтығыстардағы жаралылардың арасында тілшілердің де көзге түсетінін хабарлады.

Арменияның мыңдаған азаматының наразылықтары бүгін, бейсенбі күнінің алғашқы сағаттарында да Ереван қаласында жалғасты. Осы мәлімет бойынша, шерушілер кедергілерді бүлікке қарсы полицияның шабуылдарымен күресу мақсатында қалыптастырған.

Полиция күштері наразылардың бірқатарын ұрып-соғып, жаралаған.