БҰҰ - Американың ойыншығы
Сирия президенті "БҰҰ қазіргі кезде Американың қалай қаласа, солай пайдаланатын ойыншығына айналып отыр" деп мәлімдеді.
Сирия президенті Башар Асад кубалық Prensa Latina ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Американың БҰҰ өз мүддесі бағытында құрал ретінде қолданып отырғанына сілтеме жасап: «Ресейліктер араласуды және Сириядағы лаңкестермен күресте Сирия армиясына қолдау көрсетуді ұйғарған кезде таразы басы Америка мен лаңкестерге қарсы ауырлады» деді.
Сирия президенті осы ел армиясының басты бағдарын лаңкестікпен күресу деп атап: «Сирияға қарсы соғыс тек лаңкестермен шайқасумен ғана шектелмейді, осы елге қарсы бір мезгілде экономикалық және саяси соғыс жүріп жатыр» деді.
Сирия президенті 100- ден астам елдің азаматтары болып табылатын лаңкестердің осы елге қарсы соғысқа қатысып жатқанына сілтеме жасап: «Сауд Арабиясы, Катар және Түркия мен Батыс елдерінің, соның ішінде Франция және Американың қадағалауымен лаңкестерге қаржылай, қару-жарақтық және логистикалық демеушілікті мойнына алып отыр» деді.