Салеһи: Иран жақында Ресейге 40 тонна ауыр су сататын келісімге қол қояды
(last modified Sat, 23 Jul 2016 14:22:06 GMT )
Шіл 23, 2016 20:22 Asia/Almaty
  • Салеһи: Иран жақында Ресейге 40 тонна ауыр су сататын келісімге қол қояды

Иранның Атом қуаты ұйымының төрағасы жақын болашақта Иранның Ресейге 40 тонна ауыр су сату туралы келісіміне қол қойылатынын хабарлады.

Иранның Атом қуаты ұйымының төрағасы Али Акбар Салеһи сонымен қатар еуропалық үлкен компаниялардың Иранның ауыр су өнімін сатып алуға өтініш білдіргендерін айтып, 10-15 тонна екі тиелімді  екі еуропалық елге ұсыну туралы келіссөз өткізілгенін мәлімдеді.  

ИИР президентінің орынбасары сонымен қатар Франциямен термоядролық синтез саласында жеке түрде серіктестік жасау үшін келісімнің жасалғанын хабарлап: «Бірнеше күннен бері Франциядан термоядролық синтез саласы бойынша Иранға 6 маман  келіп, құрал-жабдықтарды пайдаланып, елдің мамандарының дайындығын арттырып, Иранның термоядролық синтез саласына енуі үшін Атом қуаты ұйымында пікір алмасылып, мүмкіндіктерді қарастырып, кеңесулер өткізіп жатыр. Термоядролық синтез – атомдар бөлінісінің толығымен теріс реакциясы. Бұл үдерісте үлкен атомдардың кішкентай атомдарға бөлінуінің орнына үлкен атомдар пайда болуы үшін кішкентай атомдар бір-біріне біріктіріледі. 

Тегтер