Шамхани: ДАИШ тобын тәрбиелеумен күрес - лаңкестікпен күрестің басты бағдары
ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы аймақта лаңкестерді тәрбиелеуге тосқауыл қоюды лаңкестікпен күрестің маңызды басты бағдарлары деп атады.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Теһранда Пәкістан үкімет басшысының ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Насерхан Джанджуаны қабылдауында: «Лаңкес тәрбиелейтін идеяға тосқауыл қою лаңкестікпен күрестің маңызды басты бағдары мен іргетасы болып табылады. Онсыз ешбір мемлекет не аймақта, не Еуропада қауіпсіздік пен тұрақтылыққа ие болмайды» деді.
Шамхани шекаралардағы тұрақты қауіпсіздікті сақтау және есірткі заттар транзиті, адам және қару контрабандасы мен содыр топтармен күресуде бірлескен шараларды қолға алу қажеттілігін қуаттап: «Иран кейбір елдердің шекараларда бейберекеттік тудыру үшін қару жөнелтуіне және лаңкестерді жалдап екі ел арасындағы қарым- қатынасқа әсерін тигізуіне жол бермейді» деді. Пәкістан үкімет басшысының ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Насерхан Джанджуа да осы кездесуде шетелдіктердің мұсылмандар арасындағы дауды ұлғайту мақсатындағы астыртын әрекеттеріне қарсы ислам елдерінің қырағы болуы қажеттігін қуаттап: «Пәкістан Иранмен қауіпсіздік және экономикалық саладағы ынтымақтастықтарын кеңейтеді» деді.