Түркия үкіметі Америкаға ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/world-i11731-Түркия_үкіметі_Америкаға_ескерту_жасады
Түркия Сыртқы істер министрі Америкаға «Hizmet» қозғалысының жетекшісі Фетхуллаһ Гүленді қайтарудан бас тартуына қатысты ескерту жасады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 25, 2016 21:38 Asia/Almaty
  • Түркия үкіметі Америкаға ескерту жасады

Түркия Сыртқы істер министрі Америкаға «Hizmet» қозғалысының жетекшісі Фетхуллаһ Гүленді қайтарудан бас тартуына қатысты ескерту жасады.

Мевлут Чавушоглу дүйсенбі күні Американың Түркиядағы соңғы сәтсіз әскери төңкеріске қатысы бар деп айыпталып отырған Фетхуллаһ Гүленді тапсырудан бас тартуы Анкара мен Вашингтонның қарым- қатынасына әсерін тигізеді деп қуаттады.

Чавушоглу сондай-ақ Түркияның кейбір елшілерінің осы әскери төңкеріске атсалысу айыбымен өз лауазымдарынан шеттетілетіндіктерін мәлімдеді.

Анкара қайраткерлері еріксіз жер айдалып, Америкада ғұмыр кешіп жатқан Фетхуллаһ Гүленді Түркияда әскери төңкеріс жасауға ұмтылудың негізгі себепкері деп таныстырып отыр.

Түркия үкіметі соңғы күндері Америкадан «Hizmet» қозғалысының жетекшісін қайтаруды бірнеше рет сұрады. Алайда Вашингтон қайтару заңдарына шолу жасау қажеттігін қуаттап, әзірше Түркияның өтінішін қабылдау үшін шешім қабылдамағанын мәлімдеді.