Иран мен Пәкістанның қарым-қатынасы стратегиялық сипатқа ие
https://itolqyn.com/news/world-i11767
Иранның Ішкі істер министрі: «Иран мен Пәкістан арасында сындарлы қарым-қатынастың тереңдеуі екі елдің стратегиялық байланысының қалыптасуына септігін тигізді»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 26, 2016 17:49 Asia/Almaty
  • Иран мен Пәкістанның қарым-қатынасы стратегиялық сипатқа ие

Иранның Ішкі істер министрі: «Иран мен Пәкістан арасында сындарлы қарым-қатынастың тереңдеуі екі елдің стратегиялық байланысының қалыптасуына септігін тигізді»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Ішкі істер министрі Абдулреза Рахмани Фазли дүйсенбі күні түстен кейін Пәкістан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кеңесшісі Мұхаммад Насер Джанджуемен кездесуінде: «Иран мен Пәкістан арасында 900 шақырым шекара мен діни, мәдени және тарихи ортақтықтардың болуы екі елдің арасында стратегиялық байланыстың қалыптасуына септігін тигізді»,-деді.

Рахмани Фазли Пәкістан үкіметі мен халқына бейбітшілік, қауіпсіздік пен дамуды тілейтінін айтып: «Осындай жағдайдың қалыптасып, нығаюы үшін барлық  күш-қабілетімізді ортаға саламыз»,-деді.

Иранның Ішкі істер министрі аймақтағы қатігез экстремистік және бұрмаланған топтардың белсенділіктеріне тоқталып: «Аймақ халқының ең үлкен алаңдаушылығы – елдердің тәуелсіздігі, еркіндігі мен дініне қарсы ортақ дұшпандардың болуы. Оларға ДАИШ, исламның ақиқатынан ауытқыған басқа да топтар мен ішкі іске араласатын бөгде күштер жатады»,-деді.

Осы кездесу барысында Пәкістан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кеңесшісі  Мұхаммад Насер Джанджуе: «Аймақта дағдарысты жағдайдың орнағанына  қарамастан Иран мен Пәкістан бір-бірінің қасынан табылып, ортақ инвестиция арқылы аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздіктің орнауына көмектеседі»,-деді.

Пәкістан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кеңесшісі терроризмді екі елдің ортақ жауы деп атады.