Шамхани Пәкістанның дамуы мен тұрақтылығын қуаттады
Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Пәкістанның дамуы мен тұрақтылығын қуаттады.
ИРНА-ның хабарлауынша, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани дүйсенбі күні Теһранда Пәкістан үкімет басшысының ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Насерхан Джанжуамен келіссөзінің екінші кезеңінде аймақта лаңкестікпен күресу туралы екі ел келіссөзінің ілгерілеуін хабарлап: «Иран дамыған әрі тұрақты Пәкістанды өзі үшін қауіпсіздік сыйлаушы санап, осы бағытта еш талпыныстан аянбайды» деді.
Пәкістан үкімет басшысының ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Насерхан Джанжуа да екі жақты ынтымақтастықтағы кедергілерді жою үшін ресми құрылымдарды барынша пайдалану жолында ортақ талпыныс жасаудың қажеттілігін қуаттап: «Лаңкестік пен бейберекеттік және тұрақсыздыққа шынайы әрі толассыз тосқауыл қою әрдайым Пәкістанның күн тәртібінде болды. Бұл жөнінде Иранмен ынтымақтастық жасауды қолдайды» деді.
Шамхани мен Насерхан Джанжуаның ресми келіссөздерінің алғашқы кезеңі кеше дүйсенбі күні Теһранда өтті.